ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН КЕҢЕСТЕР
ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН КЕҢЕСТЕР



 Күйеуіңіз барда да, жоқта да дауыс көтеріп сөйлемеңіз.
 Күйеуіңіз ашуланғанда, отқа май құймаңыз. Мәселен, бокс алаңында міндетті түрде екі боксшы болады. Бір қатысушы жоқ болса, бокс жоқ. Мұндай сәтте үйде барынша тыныштық сақтауға тырысып бағу керек.
 Күйеуіңізден «Сен бүгін маған разысың ба?» деген сұраққа оң жауап алмай ұйықтамаңыз. Ол разы болса, Аллаға да ұнамдысыз.
 Онымен қарым-қатынаста кішіпейіл болыңыз, қырсықтық таныту, өз пікіріңде қатайып тұрып алу ешкімге абырой әкелмейді. Оны ашуландырудың арты ұрысқа тіреледі. Ал шайтанның сүйікті ісі – араға от салу. Сондықтан күйеуіңіздің тарапынан қандай да бір ескерту естісеңіз, оны қайталамауға тырысыңыз.
 Ол киінгенде әрдайым жанынан табылыңыз, керегін тауып беріңіз. Аяқ киімін тазалап, жағасын түзеңіз. Оны шығарып салуға көңіл бөліңіз.
 Жарыңызбен тәһәжжуд намазына жиі тұруға тырысыңыз немесе парыз намаздарын бірге жамағат болып оқыған дұрыс. Бұл – ер мен әйел арасындағы рухани байланысты нығайтады, Алла мейірім пен махаббатқа жол ашады. Себебі, Алланы еске алумен жүректер тыныштық табады. Алладан екеуіңіз үшін әрдайым тілек тілеңіз.
 Күйеуіңізден кешірім сұрағанын немесе ақталғанын күтпеңіз. Иә, кейде оның иілуге тиіс кездері болады, бұл – оның көркем мінез-құлқынан. Алайда, сәт сайын, сағат сайын одан бұл әрекетті күтпеңіз.
 Оның сыртқы келбетін қадағалаңыз. Киімдерін жуып, үтіктеп дайындап қойыңыз. Маскалар жасап, жылы ванна дайындаңыз, массаж жасаңыз.
 Күйеуіңізден алғыс күтпеңіз. Оны қуандыру үшін тосын сый жасасаңыз да, оның рақметінен үмітті болмаңыз. Себебі, ер адам эмоцияға берілмейді, сезімін іште сақтай алады. Сондықтан кейде күйеуіңіз лайықты түрде алғыс айта алмай жатса, ол үшін өкпелеудің қажеті жоқ. Сіз не істесеңіз де Алла разылығы үшін істейсіз емес пе? Алла білсе, соның өзі жеткілікті.
 Оның көңіл-күйіне ілесіңіз. Қуанса қуанып, мұңайса бөлісіп, жанынан табылыңыз. Сіздер – бір-бірлеріңізге «киімсіздер». Киім ыстықтан, суықтан қорғайтыны секілді, бір-біріңізге сүйеніш болыңыздар. Оған «жақсы күйеу» екенін жиі айтып тұрыңыз.
 Күйеуіңізді Жәннатқа жетелейтін «көпірге» теңеуге болады. Оның алдындағы ықыласты амалдарыңыз – құлшылық. Ал құлшылық үшін сауап ба
 Күйеуіңіз бұйрық бергенде, немқұрайлылық танытып, кейінге қалдырмаңыз. Және өтінішін жақсы көңіл-күймен, жоғары құлшыныспен орындауға тырысып бағыңыз. Оған өтініш айтқыңыз келсе, бірден жағадан алмай, бірінші тәні мен жанының қажеттілігін қанағаттандырыңыз, сонан кейін ғана оңтайлы сәт тауып жеткізіңіз.
 Сапардан, жұмыстан келгенде күлімсіреген жүзбен қарсы алыңыз. Ісіңізді тастай салып есіктен күтіп алу, құшақтау, дұға жасау оған жағымды әсер қалдырады. Оған бірден қиындықтарыңызды айтушы болмаңыз. Жалпы, қандай жағдайда да тағдырға наз айтудан аулақ болған жөн.
 Оның алдында барынша әдемі киініп, ұқыпты, таза болып жүріңіз. Жағымды иіске ерекше назар аударыңыз. Үйдің, төсек жабдықтарының тазалығын қадағалаңыз. Күн сайын таранып, теріңізді күтіңіз.
 Отбасылық қиындықтарыңызды, құпияларыңызды құрбы-туыстарыңызға айтушы болмаңыз. Расымен де көмек керек болса, білім иесіне жүгініңіз.
 Оның отбасы мүшелерімен жақсы қарым-қатынас орнатыңыз, әрдайым жағдайларын сұрап, орайы келгенде сыйлық беріп тұрыңыз. Еріңіздің разылығына жететін жол – оның анасы. Енеңізбен әрдайым тату-тәтті болыңыз. Оған туыстарын, достарын жамандаушы болмаңыз.
 Ол сізге қызықсыз әңгіме айтса да, бас изеп, мұқият тыңдаңыз. Сөзін бөлмеуге әрекет жасап, арасында ғана сұрақтар қойып отырыңыз. Оған ұнайтын нәрселерге сіз де қызығушылық танытыңыз. Жасаған жақсылығы үшін әрдайым алғыс білдіріңіз. Әзілдесіңіз, жақсы көретініңізді айтыңыз.
 Оған ескертусіз сыртқа шықпауға тырысыңыз, қонақ шақыратын болсаңыз, қонақтар санын, тамақ мәселесін кеңесіңіз.
 Түрлі дәмді тағамдарды, оның сүйікті асын жасауды үйреніңіз. Асыңыздың адал болуына мән беріңіз. Оның уақытылы тамақтануын, уақытылы ұйықтауын қадағалаңыз. Уақытыңызды үнемдеңіз. Қазір ғаламтор беттерінен түрлі үйрену сабақтарын (тігін, массаж, қолөнер) тауып алуға болады, соларға сүйене отырып, қызықты әрі пайдалы іспен айналысыңыз.
 Күн сайын жаңа білім үйреніп, күйеуіңізге жеткізіп отырыңыз. білмегеніңізді одан сұраумен болыңыз. Ол сізге әрі жар, әрі әке, әрі бала, әрі бауыр, кейде ұстаз секілді болсын.
Бұл айтылғандардың барлығын тек Алла разылығы үшін істесеңіз, ұтасыз. Сондықтан «ол маған олай жасамайды, мен неге өйтуім керек?» деген жаман ойларға түсіп кетпеңіз.

asyl.arna.kz

Nurmagambet BatyrbekNurmagambet Batyrbek
6 лет назад 4923
0 комментариев
О блоге