ТАҢЕРТЕҢ ЖӘНЕ АҚШАМ УАҚЫТЫНДА
ТАҢЕРТЕҢ ЖӘНЕ АҚШАМ УАҚЫТЫНДА

«Ақшам мен таң уақытында Ықылас, Фалақ, Нас» сүресін үш рет оқы. Бұл саған барлық нәрсеге қарсы жеткілікті»[1]. 


«Кімде-кім ақшам уақытында «Алланың атымен бастаймын. Оның атымен бастағанда көк пен жерде ешбір нәрсе зиян бере алмайды. Ол – естуші және білуші» деп үш рет айтса, таңға дейін оған ешбір пәлекет жолай алмайды. Егер осыны үш рет таңғы уақытта айтса, кешке дейін ешбір бәле тимейді»[2]. 
Ол былайша айтылады: «بِسْمِ اللّٰهِ الَّذِي لاَ يَضُرُّ مَعَ اسْمِهِ شَيْءٌ فِي الْأَرْضِ وَلاَ فِي السَّمَاءِ وَهُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ 
«Бисмилләһил-ләзи ләә ядурру маа исмиһи шәйун фил-арди уә ләә фис-сәмәә уә һуәс-самиъул-алим». 

[1] Нәсәи. 
[2] Нәсәи.

Nurmagambet BatyrbekNurmagambet Batyrbek
6 жыл бұрын 3815
0 пікір
Блог туралы